Accessibility links

БҰҰ-ының халықаралық трибуналы тағы бір әскери қылмыскердің ісін қарауға кіріседі


ГААГА. Бүгін әскери қылмыстар бойынша Халықаралық Гаага трибуналында кезінде Хорватия сербтерінің “президенті” болып саналған Милан Мартичтің ісі қарала бастайды. М.Мартичке – 1990-ыншы жылдардың бірінші жартысында Хорватия мен Боснияда болған ұлтаралық жанжал кезінде кісі өлтірді, ауылдар мен елді-мекендерді жойды, бейбіт халыққа қырғын салды деген айыптармен қатар, әскери және адамзатқа қарсы қылмыстар жасады деген кінәлар тағылып отыр. 51 жастағы Мартич өзін кінәлімін деп санамайды.
XS
SM
MD
LG