Accessibility links

Ирақтың кейбір азаматтары дауыс бере бастады


БАҒДАД. Ирақта парламенттік сайлаулар желтоқсанның 15-іне белгіленген, бірақ бүгін Ирақтың кейбір азаматтары, атап айтқанда, емханадағылар, түрмедегілер және елдің қауіпсіздік күштері дауыс бере бастады. Ал ертең шетелдерде тұратын Ирақ сайлаушылары дауыс береді. Олар үшін 15 елдегі сайлау учаскелері ашық болады, олардың ішінде АҚШ, Канада және Австралия елдері де бар. Ресмилердің айтуынша, сайлаулардың алдында елде қауіпсіздік шаралары күшейтірілді. Ал бұл арада Бағдадта орын алған жарылыстан 3 Ирақ азаматы құрбан болып, кемінде 10 кісі жараланды. Жарақат алғандардың арасында 5 полиция қызметкері де бар. Ирақ армиясының подполковнигі Талибтың айтуынша, жараланғандар емханаға жеткізілген.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG