Accessibility links

Бейруттегі жарылыстан Сирияға қарсы бағытты ұстайтын депутат қаза тапты


БЕЙРУТ. Бүгін Ливан астанасы Бейрутте орын алған жарылыстан 4 адам қаза тауып, кемінде 10 кісі жараланды. Құрбан болғандардың бірі - Сирияға қарсы бағытты ұстанған депутат әрі жергілікті “Ан-Нахар” басылымының басып-шығарушысы Гибран Туени. Ол өлерден бір күн бұрын Ливанға Парижден келген болатын. “Леванттың тұтастығы мен бостандығына ұмтылаушылар” деп аталатын топ бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті өз мойнына алды. Кейбір депутаттар бұл оқиғаға Дамаскінің қатысы бар болуы мүмкін деп отыр, бірақ Сирия бұл жарылысты ресми түрде айыптады.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG