Accessibility links

Өзбек оппозициясының белсенді мүшесі Нигора Хидоятованың күйеуі Қазақстанның оңтүстігінде оққа ұшты


ТАШКЕНТ. Екі қарулы адам Хидоятованың күйеуі Түркия азаматы Арифжан Айдынды атып кеткен соң, ол бейсенбі күні қаза тапты. “Ассошиэйтед Пресс” ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Хидоятова “мамыр айынан кейін күйеуім Қазақстанға депортацияланған болатын және ол саяси әрекеттеріме байланысты өлтірілді” деп айтқан-ды. Хидоятова оппозициялық “Күн шуақты Өзбекстан” бірлестігінің координаторы және “Азат диқандар” атты оппозициялық топтың жетекшісі. Өткен айда “Күн шуақты Өзбекстан” бірлестігінің төрағасы Санжар Умаров экономикалық қылмыс жасады деген айыптармен қамауға алынған болатын. Хидоятова мен Умаров Әндіжан оқиғасына байланысты Өзбек үкіметін сынап келген.
XS
SM
MD
LG