Accessibility links

Бүгін 1992-1995 жылдардағы Босния-Герцоговинадағы соғысты тоқтатқан Дэйтон келісіміне Парижде қол қойылғанына он жыл толады


Сараево. Оны атап өтуге арналған мәлімдемеде Амнести интернэшнл ұйымы Босния-Герцоговина билігі соғысқа қатысты адам хұқтарын толық сақтамай отыр деп атап көрсетті. Амнести интернэшнлдың Орта Азия мен Европа бағдарламасының директоры Никола Дукортс мүмкін соғыс жарасы жабылған шығар, бірақ ол әлі толық жазылған жоқ дейді. Дукортс соғыс қылмыстары мен геноцид жасағандар жауапкершілікке тартылып, трибуналға берілсе ғана әділет орнар еді деген. Соғыс барысында 200 мыңдай адам құрбан болып, шамамен 2 миллион адам босқындық тауқыметін тартып кеткен.
XS
SM
MD
LG