Accessibility links

Сейсенбі күні Ирақ астанасындағы жарылыс салдарынан төрт АҚШ солдаты қаза тапқан


Бағдад. Кеше сондай-ақ сунниттердің саяси жетекшісі Мижар әл-Дулейми атып өлтірілген. Тәуелсіз прогрессивті еркіндік партиясының жетекшісі 15 желтоқсанда болатын парламент сайлауындағы кандидаттың бірі болғандықтан, Рамади қаласында үгіт-насихат науқанын өткізіп жүрген болатын. Сайлауға алдын-ала дауыс берулер жалғасуда. Ирақтан тыс жерлерде тұрып жатқан жүздеген мың ирақтықтар да дауыс беруді бастады. Ал бұл аралықта АҚШ-ың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс халықаралық қауымдастықты Иранға қысым көрсетуге шақырды. Райс Иран Ирақта тұрақсыздық болуына ықпал етіп отыр деген сын айтты.

- Менің ойымша еске салынып, айтылуы керек, Таяу Шығыстағы тұрақтылық пен демократия үшін басты проблема - Иран болып тұр, сондықтан да халықаралық қауымдастық онымен күресудің жолын табуы тиіс.

Райс Иран Ираққа жарылғыш технологияны жеткізіп отыр деген Британияның алаңдаушылық мәлімдемесін келтірген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG