Accessibility links

Өзбекстанда Әндіжан қантөгісіне байланысты тағы 114 адам сотталып жатыр


ТАШКЕНТ. Олардың 78-іне “лаңкесттік әрекеттерге қатысқан” деген айыптар тағылған. Ал қалған 36 айыпталушы елдің құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Оларға “үкімет ғимараттарына жасалған шабуылдарды алдын алуға әрекет жасамады” деген айыптар тағылған. Бұдан бұрын Өзбекстан билігі Әндіжан тоқуларына байланысты көптеген адамды “террористтік әрекеттер жасады” деп ұзақ мерзімдерге түрмеге жапқан болатын. Ресми Ташкент ол оқиғада 187 адам қаза тапты, олардың көбі терроршылар десе, ал құқық қорғаушылар үкімет күштері наразылық танытушыларға қарсы оқ атқан соң, мыңға жуық бейкүнә адам құрбан болды дейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG