Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш Америка жасақтары Ирақта толық жеңіске жеткенше қалатын болады дейді


Вашингтон. АҚШ астанасында сөйлеген сөзінде ол Ирақ халқы демократия мен елдің егемендігіне жақындап келеді деп атап көрсетті.

- Қаңтарда болған сайлауға қатысқысы келмеген араб сунниттері бұл аптада парламент сайлауына бет бұрды, сунниттер дауыс беруге көптеп келеді деп күтеміз. Сунниттер саяси процестерге араласа бастағандықтан, Ирақ демократиясы мазмұнданып, терроршылар мен саддамшылар болса оқшаулана түсті, - деген Буш, Ирақ соғысы АҚШ таңдауы емес, ол Саддамның таңдауы болған деп атап көрсетті.

АҚШ президентінің Ирақ турасындағы саясатына байланысты беделі біршама төмендей түскен.
XS
SM
MD
LG