Accessibility links

Бүгін Ирақ халқы парламент сайлауында дауыс беруде


Ал шетелдерде тұрып жатқан 80 мыңнан астам ирақтық парламент сайлауында дауыс беріп үлгерді. Барлығы сыртта жүрген бір миллионнан астам адам Ирақтағы парламент сайлауына қатыса алады. Ирақтың өзінде 15 миллионнан астам сайлаушы парламенттегі 275 орынға депутат таңдайтын болады. Кеше Насирия қаласында бұрынғы бас министр Ияд Аллауиді шииттердің рухани көсемі Аятолла әл-Систанидің атына жаман сөздер айтты деп айыптаған ашулы бір топ адам оның сайлау штабына от қойып жіберген. Әл-Фалужа қаласында сайлау учаскесі орналасқан мектеп үйінде жарылыс болған.
XS
SM
MD
LG