Accessibility links

Халықаралық ұйымдар Каспий теңізінде бекіре балықтар құрып жатыр деп дабыл қағады


"Бүкіләлемдік табиғат қоры" және "ТРАФФИК" деген халықаралық ұйымдар қара уылдырықтың контрабандалық саудасы Каспий теңізінде бекіре балықтарға одан сайын қатты қауіп төндірді деп мәлімдеді. Қара уылдырықтың әлем базарын негізінен Қазақстан сияқты бес мемлекетке ортақ Каспий теңізі қамтиды. "Бүкіләлемдік табиғат қоры" және "ТРАФФИК" ұйымдары Каспий теңізінде бекіретұқымдас балықтың 27 түрі болса, олардың жартысына жоғалу қаупі төнді, бұл балықтардың екі түрі құруға аз қалды дейді. Бұған Каспий теңізінің ластануы да қырсығын тигізіп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG