Accessibility links

Байқаушылар Ирақтағы парламент сайлауы еркін де әділ өтті деп бағалады


Бағдад.Ирақтың сайлау ресмилері дауыс берушілердің белсенділігі жоғары болды, алғашқы қорытындылар екі аптаның ішінде жарияланады дейді. Ирақ сайлауындағы халықаралық қызмет жетекшісінің орынбасары Пол Дэкей кеше Амманда сөйлеген сөзінде өз тобының ризашылығын білдірді.

- Жалпы айтқанда біз Ирақта парламент сайлауының халықаралық талаптарға сай өтті деп мойындалғанына бақыттымыз. Қазір бәрі бірдей керемет болды деп айтуға болмайды, ешқандай да сайлау, ешбір елде керемет өтпейді, - деді ол.

АҚШ пен Британия Ирақтағы парламент сайлауын тарихи оқиға деп бағалады. БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан Ирақ халқын сайлау қорытындылары жария болған кезде оны келісіммен қабыл алуға шақырды.
XS
SM
MD
LG