Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш 2001 жылғы 11 қыркүйек шабуылынан кейін Америка азаматтарының сыртынан жасырын бақылау жүргізуге бұйрық бергенін мойындады


Вашингтон. АҚШ халқына арнаған радиоүндеуінде ол мұндай өмірлік маңызды шара АҚШ халқын террорлық шабуылдардан қорғауға бағытталған деп атап көрсетті.

- Бұл өзі өте құпия, біздің ұлттық қауіпсіздік қызметі үшін жауапты бағдарлама. Оның мақсаты - АҚШ-қа және біздің достарымыз бен одақтастарымызға қарсы террорлық шабуылдарды әшкерелеп, алдын алу.

Буштың мұндай құпия бұйрығы болғаны турасында ең бірінші рет осы жақын күндері Нью-Йорк таймс басылымы жазған болатын. Конгресс мүшелері - республикандықтар да, демократттар да бұған тергеу-тексеру жүргізілсін деп талап етуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG