Accessibility links

Ұлттық қауіпсіздік агенттігі тарапынан ел ішінде құпия түрде бақылау әрекеттерінің жүргізілуіне өзінің бұйрық бергендігін АҚШ елбасы Джордж Буш мойындады


Сенбі күні тікелей толқында сөйлеген сөзінде ол былай деді:

“Бұл - жоғары деңгейде жүйеге келтірілген бағдарлама біздің ұлттық қауіпсіздігіміз үшін аса маңызды. Оның мақсаты - Құрама Штаттарына, оның достары мен одақтастарына қарсы бағытталған лаңкестік әрекеттерді ашу және алдын алу”.

Демократ сенатор Расел Фейнголдтың айтуынша Буш бұл жолы елбасы ретінде емес, патша сияқты әрекет етуде. Жұма күні елбасы Буштың лаңкестік әрекеттерге қарсы күрес деп сипатталатын “Патриоттық актісін” Сенат бекітпей тастады. Заң шығарушылардың пікірінше, мұндай заңның қабылдануы америкалықтардың азаматтық бостандығына нұқсан келтірмек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG