Accessibility links

Әлемдік сауда ұйымының соңғы сәтте қол жеткізілген келісімшарты жобасы барлық елдердің 2013-ші жылға дейін ауыл шаруашылыққа және экспортқа бөлінетін көмекті тоқтатуларына ұсыныс жасады


Хоң-Коңда болып жатқан 6 күндік кездесу қорытынды мәлімдемемен аяқталмақшы. 2013-ші жылды меже ретінде Еуропа одағы және Құрама Штаттары мен Бразилия қорғап шықты. Аталған жоба, сондай-ақ, баяу дамушы елдер тарапынан шығарылған кем дегенде 97 пайыз өнімдерді салықтан босату және оларды мүмкін болған көлемде импортқа шығарудың жеңілдіктерімен 2008-ші жылға қарай қамтамасыз етуге бай мемлекеттерді шақырып отыр. Ғаламдандыру үдерісіне қарсы бір мыңдай наразы халық Хоң-Коң көшелерімен шерулетуде. Сенбіден жексенбіге қараған түнде болған шерушілер мен полиция арасындағы қақтығыстар барысында 70-тей адам жараланып, 900-дей адам қамауға алынған.
XS
SM
MD
LG