Accessibility links

Израил үкімет басшысы Ариель Шаронның жағдайы бүгін тәуір екен


Бұл жөнінде ол жатқан аурухана дәрігерлері айтып отыр. Жексенбі күні Шарон мырза өзін жақсы сезінбей тұрғандығын айтқаннан кейін, ауруханаға жатқызылған болатын. Дәрігерлердің айтуынша, оның миына қан жетпей қалуы себепті сырқаттанған екен. Ол ауруханада әлі 3-4 күн болмақшы.
XS
SM
MD
LG