Accessibility links

Ауған Парламенті бүгін 30 жылдық үзілістен кейін алғашқы сессиясын өткізді


Талибан биліктен қуылғаннан соң Ауғанстандағы демократиялық үдерістер үшін БҰҰ тарапынан жүргізілген жоспардың бұл соңғы қадамы еді. Депутаттар ант қабылдағаннан кейін сөйлеген сөзінде елбасы Хамид Қарзай жаңа Парламенттің ел болшағы үшін аса маңызды екендігін айтты. Ол сондай-ақ депутаттардың өзара әркелкіліктерін ысырып қоюларына шақырды. Қатаң қауіпсіздік жағдайында АҚШ елбасы орынбасары Дик Чейни Ауған депутаттарының ант қабылдау рәсіміне қатысты. Парламент жұмысы сейсенбі күні қайта жалғаспақшы.
XS
SM
MD
LG