Accessibility links

Белградта бүгін сербиялық 5 бұрынғы полиция қызметкерінің үстінен сот үдерісі жалғасты


Олар осыдан 10 жыл бұрын 6 мұсылман азаматын өлтіріп жатқан сәті бейнетаспаға түсіп қалған екен. Егер ол бесеудің қылмысы анықталса онда олар 40 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сербияда өлім жазасы алып тасталған. Теледидардан көрсетілген ол кісі өлімі елде үлкен дау туғызды. 1995-жылы Босниялық серб қосындары Сребреницаға басып кіргенде олар 7 мыңдай мұсылман азаматын қырып жіберген болатын. Бұл 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада орын алған ең үлкен кісі қырғыны еді.
XS
SM
MD
LG