Accessibility links

Ирақ сүнниттері сайлау қортындыларына наразы


Ирақта парламенттік сайлау аяқталған соң сүннит басшылары сайлаудың кейбір қортындыларына наразылық танытты. Үш сүннит партиясының одағы парламентке қатыспаймыз деп бойкот жариялайтындарын айтты. Сүннит қауымдастығының басшысы Салеқ Әл-Мұтлақ сайлау бұрмаланғаны жайында айғақтарым бар дейді. Дауға Бағдад қаласы бойынша нәтижелер түсіп отыр. Ирақ президенті Жалал Талабани дауға араласа алмаймын, жұрттың шағым жасауға құқықтары бар, түпкілікті шешімді сайлау комиссиясы шығарады деді. Ирақ сайлау комиссиясы сайлау қортындылары әлі дайын емес, алдымен сайлау бұрмаланды деген мыңнан астам шағым тексерілуге тиіс деді. Дегенмен комиссия төрағасы Хұсейн Хиндауи заң бұзылу жайлары аз, олар жалпы қортындыға әсер етпейді деді.
XS
SM
MD
LG