Accessibility links

Иран мәселесі жайында келіссөздер бүгін жанданбақ


Вена қаласында бүгін Еуропа Одағы мен Иран өкілдері кездесіп, Иранның күдікті ядролық бағдарламасы жайында келіссөздерін жандандырмақ. Британия, Германия және Франция өкілдері Еуропа Одағының атынан сөз салып, Иран уран байыту жайында барлық әрекетін тоқтатсын деп күш салып келеді. Еуропа Одағы текетіресті дипломатиялық жолмен шешуге берікпіз, бірақ Иран мәселесінде халықаралық қауымдастықтың шыдамы таусылып барады дейді. Халықаралық атом энергетика агенттігі Иран мәселесін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шығару ұсынысын қараша айында кейінге қалдырды. АҚШ Иранды ядролық қару жасап жатыр деп айыптайды, Иран мұны жоққа шығарып келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG