Accessibility links

Өзбекстан оппозициялық белсендісі қамауға алды


Өзбекстан бас прокуратурасы оппозициялық белсенді Нодира Хидоятованы қамауға алды. Ресми өкіл Светлана Артықованың айтуына қарағанда, Нодира Хидоятова экономикалық қылмыстарды жасады деп айыптылды, істің саяси астары жоқ делінді. Нодира Хидоятова – "Күнсәулелі Өзбекстан" оппозициялық ұйымының мүшесі, бұл ұйым Әндіжан қаласында мамыр айында болған қырғынды қатты сынап келеді. Ұйым төрағасы Санжар Омаров экономикалық айып бойынша қазан айында қамалған болатын. Нодира Хидоятованың апайы Нигара Санжар Омаров және Нодира саяси себептерден қамалды деп мәлімдеді. Қазан айында Нодира Хидоятованың күйеуі Арифжан Айдын Оңтүстік Қазақстан облысында атып өлтірілген болатын. Нодира Хидоятова мұны "саяси өлтіру" деп қабылдаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG