Accessibility links

Бүгін АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд Ауғаныстанға келді


Дональд Рамсфельд Ауғаныстан астанасында Ауған президенті Хамид Қарзаймен келіссөздер өткізді. Хабарларға қарағанда, олар Рамсфельдттің бұл жердегі АҚШ әскерінің санын қысқарту жөнінде кеше жасаған мәлімдемесін талқылаған. Онда Құрама Штаттар қорғаныс министрі Ауғаныстандағы 19 мың әскери жасақ қатарын 2 мың мен 3 мың арасында қысқартылатынын айтқан еді. Рамсфельд Ауғаныстанға келерден бұрын Пәкістанда болып, бұл елде болған зілзаладан зардап шеккен аймақты аралаған еді. Қазанның 8-де орын алған жерсілкінісі Үндістан мен Пәкістанда 74 мың адамның өмірін қиған табиғат апаты болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG