Accessibility links

Жетекші құқық қорғаушы ұйымдар өткен айда Қазақстанның сегіз өзбекстандықты Өзбекстанға мәжбүрлі түрде қайтарғанын көтеріп отыр


“Амнести интернэшнл” ұйымының айтуынша, ол сегіз өзбек азаматты еліне олай қайтару олардың өміріне қауіп төніп тұрғандықтан, Қазақстанның халықаралық заң талаптары алдындағы міндетемелеріне қарама-қайшы әрекет болды. Бұл ұйым, Рухиддин Фахруддинов, Абдурахман Ибрагимов, Тохир Абдусаматов, Шарофуддин Латипов, Нозим Рахманов, Алишер Мирзахолов, Абдурауф Холмуратов, және Алижон Мирганиевтерді Қазақстан 29-шы қарашада Өзбекстанға өткізген деп хабарлап отыр. Бүгінде ол сегіз адамның төртеуіне ғана сот адвокат алуға мүмкіндік берген.
XS
SM
MD
LG