Accessibility links

Саддам Хұсейн америкалықтар мені тепкілейді деді


Ирақтың бұрынғы сегіз басшысы үстінен өтіп жатқан сот кеше Бағдадта қайта жалғасты. Бұрынғы президент Саддам Хұсейн америкалық түрмеде азаптауға тап болдым деп мәлімдеді. Саддам Хұсейн америкалықтар бізді ұрып-соғады, алдымда отырған мына азаматты олар бес рет мойнынан ұрды, енді ол жүре алмайды, денемде ісіктер әлі қайтқан жоқ, көрсетіп, дәлелдей аламын деді. АҚШ әкімшілігі Саддамның мәлімдемесі шындыққа сай емес деп үзілді-кесілді қарсы. Саддаммен Ирақтың жеті бұрынғы басшысы 1982 жылы шиитердің Джюлал ауылында жаппай қырғынды бұйырған, мұның салдарынан 148 адам өлтірілген деп айыпталып отыр.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG