Accessibility links

Әндіжан көтерілісі үшін тағы 42 азамат сотталды


Әндіжан қақтығысына қатысты деген айыппен Өзбекстанда тағы 42 азамат ұзақ жылдарға кесілді. Өзбекстан Жоғары соты кеше жариялағандай, олардың алды 12 жыл, арты 20 жыл түрмеге отырғызылды. Бұл 42 азаматтың істері үш жабық сотта қаралды. Жоғары сот бұл азаматтар алдын-ала ойластырылған адам өлтіру қылмыстарына қатысты, террорлық әрекет жасады, конституциялық жүйені төңкермек болды, басқа да ауыр қылмыстарды жасады деп сипаттады. Әндіжанда болған қақтығысқа байланыста жалпы жүзден аса адам сотталалды. Тағы жетпіс шақты азамат соттарын күтіп жатыр. Өзбек үкіметі Әндіжанда 187 адам қаза тапты дейді. Халықаралық демократиялық ұйымдар Әндіжанда жүздеген бейбіт адам үкімет әскері тарапынан өлтірілді дейді.
XS
SM
MD
LG