Accessibility links

Адамзатқа қарсы қылмыс жасады деген айыппен Саддам Хұсейннің үстінен сот үдерісі жалғасып, бүгін екі куә жауап берді


Қауіпсіздік шарасы күшейтілген сот залына Саддам Хұсейн Қасиетті Құранмен кірді. Онымен бірге сотта тағы да 7 адам жауап береді. Өзіне түрмеде жасалған күш көрсету әрекеттерін мойындамаған Ақ үйлік ресмилерді Саддам өтірікшілер деп айыптады. Саддамға орай жасалған болуы мүмкін зорлық-зомбылыққа байланысты сот тергеуге бұрық берген. Саддам мен оның 7 қолдаушысына 1982-жылы Ирақ президентіне жасалмақ болған қастандықтан кейін 148 шиит азаматын өлтірді деген айып тағылған.
XS
SM
MD
LG