Accessibility links

Өзбекстан ішкі істер министрі Зәкір Алматов қызметінен кетті


Алматов мамырдың 13-інде Әндіжанда болған көтерілісті аяусыздықпен басқандығы үшін халықаралық қауымдастықтың қатты сынына кезікті. Алматов жақында Германияда ем алды. Сол кезде Әндіжанда бейкүна құрбан болған азаматтардың туыстары, адам құқықтары ұйымдары Алматовты заң орындарына беріліп, жазалануын талап еткен болатын. Бірақ ол құпия жағдайда Өзбекстанға жетіп үлгіріпті. Алматовтың орнына бұрынғы дипломат Анвар Салихбаев Өзбекстанның ішкі істер министрі болып тағайындалған. Екеуіне де ЕуроОдақ елдеріне баруға виза берілмейтін болған.
XS
SM
MD
LG