Accessibility links

Польшаның жаңа президенті Лех Качинский бүгін ресми түрде ант беріп, бұрынғы президент Квасневскийдің орнына отырды


Жасы елу алтыдағы президент өзінің алғаш сөзінде, негізгі бір мақсаты, мемлекетті сыбайлас жемқорлықтан тазалау деді. Качинский - коммунистік идеалдарға қарсы консервативті белсенді, Варшаваның бұрынғы әкімі. Ол қазан айында президенттік сайлаудың екінші айналымында жеңіске жеткен болатын. Ал одан сәл бұрын сол Качинскийдің сыңар бауыры бастаған «Заң және Әділет» партиясы парламенттік сайлауда басым дауысқа ие болған еді. Польшаның жаңа әкімшілігі ЕуроОдақ және АҚШ-пен тығыз қарым-қатынаста болуды қалайды.
XS
SM
MD
LG