Accessibility links

АҚШ Ирақтағы әскерінің санын қысқартпақ


АҚШ Қорғаныс министрі Д.Рамсфелдтің айтуынша, президент Буш АҚШ-тың Ирақтағы әскерін бригадаға қысқартпақ. Бұл шамамен 8,9 мыңдай адам деген сөз. Фаллуджада американдық сарбаздармен кездесу барысында Рамсфелд былай деді:

- Президент Буш Ирақтағы АҚШ-тық әскери бригада санын 17-ден 15-ке дейін қысқартуға жарлық берді. Ал Ирақ қауіпсіздік күштерін жаттығудан өткізу кезінде американдық күштердің саны өзгеріп тұратын болады.

Ол өзгерістер алдағы жылдың көктеміне дейін іске аспақ. Сол кезде Ирақтағы американ сарбаздарының саны 130 мыңға дейін азаймақ. Парламенттік сайлау кезінде Ираққа 20 мыңдай қосымша күш келген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG