Accessibility links

Беларус полициясы Аяз-ата болып киініп, жұртты аралап жүр


Беларус полициясы жаңа жыл алдында жаңа науқанын бастап жіберді. Қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау және өздерінің беделін нықтай түсу мақсатында полиция офицерлері Аяз-ата боп киініп, тұрғындардың үйлерін аралап, қауіпсіздік шаралары жайлы әңгіме қозғауда.

Беларус полиция лейтенант-полковнигі Петро Ребкавец Аяз-ата боп киініп, Минск көшелерінің біріндегі көп қабатты үй есігінің алдында тұр. Ол бірнеше пәтердің есік ашатын түймесін басып шықты. Бірде ол Аяз-ата, енді бірде жөндеу жұмысымен айналысатын жұмыскер, тағы бірде тазалықты тексеруші ретінде пәтер тұрғындарына өзін таныстырып жатты. Ешкім есік ашқан жоқ. Бір ғана әйел соғылған қоңырауға “бұл кім?” деп жауап берген еді. Полиция мен тұрғын әйел арасындағы әңгіме былайша өрбіген болатын.

- Есік ашыңызшы. Сіздің 94-пәтерде тұратын көршіңіз жауап бермей жатыр.

- Ол жерде ешкім болмаса есікті сізге не үшін ашпақшымын?

- Мұныңыз дұрыс. Біз полиция офицеріміз. Біз арнайы науқан өткізіп жүрміз. Қоңырау шалушының есімін білмейінше, оның кімге келгендігін және оны кім жібергендігін анықтамайынша, есік ашпаңыз.

Мереке алдында полиция қызметкерлерінің Аяз-атаға айналғанын көру қызық та болар. Алайда, Минск қаласында үй тонау мен басқа да қылмыстар өршіп тұрған кезде, осындай арнайы науқанды өткізу аса маңызды, дейді полиция өкілі.

Елбасы Александр Лукашенконың билігі тұсында темір қолды күш ретінде бағаланып кеткен ел полициясы тұрғындар алдындағы өз беделін көтере түскісі келетін сыңайлы. Аяз-ата полиция жанында Қарша қыз боп киініп алған полициядағы әйел қызметкерлерін көру тұрғындармен арадағы достық қарым-қатынасты қалыптастырар деген үміт оларда жоқ та емес. Аяз-аталық мұндай келіске риза болған отбасылары да баршылық. Мысалы, біздің әңгімемізге арқау болған Ребкавец – полиция бір үйде сол отбасының жас баласымен бірге Нарач көлі жөніндегі аңызды бірге айтып та шығысты. Дей тұрғанмен, полиция қызметкерлері Аяз-ата бейнесінде ел аралаған кезде тек қауіпсіздік пен өз беделін көтеруді ғана мақсат тұтты ма екен? Қазір Беларус елінде – сайлауалды науқан. Сондықтан үміткерлер өкілдері сайлаушылар даусын жинау үшін үй-үйді аралап шығуға тырысады. Осыған орай әлгіндей Аяз-ата бейнесінде енген полиция шынымен қылмыстық әрекеттерді азайтуды көздеп, осы үдерісті бастап кетті ме, жоқ әлде оппозиция өкілдері келіп есік қаққанда, оларға қанша тұрғын үйдің есігі ашылар екен деп, соны тексеріп жүр ме деген сауалға жауап іздеген жөн деседі, кейбір сарапшылар.
XS
SM
MD
LG