Accessibility links

Египет президентінің негізгі бәсекесі сотталып жатыр


Қайыр қаласының соты бүгін оппозиция басшысы Айман Нұрдың ісі бойынша үкім шығармақ. Айман Нұр – қыркүйек айында өткен сайлауда Египет президенті Хосни Мұбаракка негізгі бәсеке құрған болатын. Айман Нұр өзі басқаратын "Гхад" партиясының тіркеу құжаттарын бұрмалап толтыртқызды деп айыпталды. Айман Нұр, аштық наразылығын танытамын деп ауруханаға түсіп қалған, 5 желтоқсан күні қамауға алынды. Айман Нұрды қолдаушылар істің саяси астары бар дейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG