Accessibility links

Сенбі күні Қазақстан мұсылмандары қажылық сапарға аттанады

  • Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ

24 желтоқсанда Қазақстанның мыңдаған азаматтары мұсылманның бес парызының бірі - қажылық сапарға аттанады. Осыған орай жұма күні Алматы қаласының Орталық мешітінде қажыға баратындарды шығарып салу рәсімі болып өтті. Үстіміздегі жылы Меккеге қажылық сапарға барушылардың саны екі мыңнан асып отыр.

Діни таным бойынша қажылық мұсылман баласының бес парызының бірі болып табылады. Сондықтан да қажыға баруға ниет еткен мұсылман баласы ең әуелі рухани тұрғыдан дайындықтан өтуі тиіс. Ерлан Қамысбайұлы есімді азамат биыл қажылыққа бірінші рет бара жатыр. Өз сөзінде Ерлан бұл сапарда болуы мүмкін түрлі қиыншылықтарға төзуге рухани тұрғыдан алдын-ала дайындалғанын айтып берді.

Қажылық сапарын ұйымдастырушылардың бірі Алматы қаласындағы Орталық мешіттің бас имамы Махамбет Құлмұхамед “Азаттық” радиосына берген сұхбатында қажылыққа дайындықтың жақсы ұйымдастырылып отырғанын жеткізді.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Оңғар қажы кейбір фирмалар қажылыққа апару үшін ақша алып, азаматтарды алдап кететіндігін де айтты. Ол бұған Оңтүстік Қазақстан облысында осындай оқиғаның орын алғандығын мысалға келтірді.

Ұрқия есімді кейуана қажылыққа баласы апара жатыр екен. «Азаттық» тілшісіне берген сұхбатында Ұрқия апай жасы келіп, қартайғаннан кейін, қажылыққа баруға ниет еткенін айтты.
XS
SM
MD
LG