Accessibility links

Ресейде тағы бір африкалық азамат өлтірілді


Санкт-Петербор қаласында бір топ жас жігіт Камерун азаматын пышақтап өлтірді, екінші африкалық азаматқа жарақат жасады. Шабуыл жатақхана жанында орын алды, кемінде бір жас жігітте пышақ болған. Камерундық азамат оқиға жерінде өліп кетті, екінші африкалық азамат ауруханаға түсті. Полиция шабуыл нәсілшілдік себептен жасалуы мүмкін деген жорамалды тексеріп жатыр. Санкт-Петерборда қыркүйекте Конго студенті өлтірілген болатын, қазан айында Воронеж қаласында Перу студенті өлтірілген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG