Accessibility links

Католик шіркеуінің Вифлеем басшысы бейбітшілікке шақырды


Католик шіркеуінің Вифлеем қаласындағы басшысы Мишель Сабба Рождество қарсаңындағы уағызын айтып, Израиль мен Палестинаны бейбітшілікке шақырды. Вифлеем қаласы Иисус Христостың туған мекені деп аталады. Мишель Сабба Құдай осы екі елді бір бірін өлтіру үшін жаратпаған, жылдар бойы орын алып тұрған қақтығыстарды тоқтату керек деді. Уағыз салтанатына Палестина президенті, мұсылман баласы Махмұд Аббас қатысты. Палестинаның бұрынғы президенті Ясир Арафат өмірінің соңғы жылдарында Рождество қарсыңындағы уағызға Израиль талабы бойынша шақырылмайтын.
XS
SM
MD
LG