Accessibility links

Ақтау қаласына жетпеген ұшақтың апаты террорлық шабуылдан болуы мүмкін


Әзірбайжан ұлттық әуе компаниясы кеше түнде Каспий жағалауында құлаған "Ан-140" ұшағының апаты бақылау құралдарының істен шығуынан мүмкін болды деген негізгі жорамалды тексеріп жатырмыз деді. Дегенмен, Әзірбайжан әуе компаниясының өкілі Ильхам Әміров Ақтау қаласына шыққан ұшақтың апаты террорлық шабуылдан болуы мүмкін деген жорамалды жоққа шығармаймыз деп мәлімдеді. Қаза тапқан барлық 23 азаматтың мәйіттері табылды. Қазақстан ресми орындары құрбандардың арасында төрт Қазақстан азаматы бар деді.
XS
SM
MD
LG