Accessibility links

Ливия Еуроодақ пен АҚШ-тың талабын орындап, 6 дәрігерге шығарылған өлім жазасын бұзды


ТРИПОЛИ. Ливияның Жоғарғы Соты балаларға СПИД дертін жұқтырды деп айыпталған болгариялық 5 медбике мен палестиналық дәрігерге шығарылған өлім жазасын бұзып, бұл істі қайта қарауға жіберді. Өткен жылы Ливия соты осы 6 адамды түгел Бенгази қаласының ауруханасындағы 400 балаға СПИД дертін қасақана жұқтырды деп танып, өлім жазасына кескен болатын. Олар өздерін айыпты емеспіз деп мәлімдеп келді. Адам құқын қорғаушылар бұл сот үдерісін жергілікті ауруханалардағы адам айтқысыз жағдай үшін сескенген жергілікті биліктің арандатушылық әрекеті деп санады. Болгария мен Еуроодақ және АҚШ дәрігерлерді толық ақтап босатуды әлденеше рет талап етті.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG