Accessibility links

Ресейдің Қырымдағы Қара теңіз флотының орналасу шарты өзгермейді, бірақ...


КИЕВ. Украина Ресейдің Қырымдағы Қара теңіз флотының орналасу шарттарын өзгерту мәселесін қарастырмайды. Ол жайында кеше Украина премьер-министрі Ю.Ехануров мәлімдеді. Кеше Украинаның “Интер” телеарнасына берген сұхбатында Ю.Ехануров “сөз - дүние-мүлікті, ең алдымен жерді тіркеу жөнінде болып отыр” деп атап көрсетті. Оның мәлімдеуіне қарағанда, Ресейдің Қара теңіз флоты Қырымда мемлекетаралық келісімдерден тыс орасан зор жер телімдерін иеленіп отыр. Ю.Ехануров бұл мәселені Украинаға сатылатын орыс газының бағасы маңайындағы жанжалмен байланыстырмау керек деп кесті. Оның айтуынша, “бұл екеуі қарама-қатар келіп қалған өзгеше мәселелер”.
XS
SM
MD
LG