Accessibility links

“Әл-Қаида” АҚШ армиясы мен Ирақ үкіметіне қызмет етіп келген бір араб ері мен 3 араб әйелін өлтіргенін хабарлайды


БАҒДАД. Ирақта өткен тәулікте болған түрлі шабуыл мен жарылыста кем дегенде жергілікті 5 тұрғын мен 1 АҚШ жауынгері қаза тапты. Кеше Ирақ президенті Жалал Талабани сүнниттердің көсемдерін жаңа да кең коалицияға қосылуға шақырды. Басқаша жағдайда, деп ескертті Ж.Талабани, елде ешқашан тыныштық болмайды. Сүннитер мен олардың діни жетекшілері 15-інші желтоқсандағы сайлауда берілген дауыстардың қайта есептелуін талап етіп, болмаса жаңа парламентке байкот жариялайтынын мәлімдеді. Интернетте берілген мәлімдемесінде “Әл-Қаида” ұйымының Ирақтағы қанаты АҚШ армиясы мен Ирақ үкіметіне қызмет етіп келген бір араб ері мен 3 араб әйелін ұрлап алып кетіп өлтіргенін хабарлады.
XS
SM
MD
LG