Accessibility links

Суматра аралының маңында болған жер сілкінісінен туған алып толқын – цунами әкелген қырғынға – 1 жыл толды


ДЖАКАРТА. Бірқатар Азия елі бүгін 200 мыңдай халқының қазасына себеп болған өткен жылғы табиғи апаттың 1 жылдығын еске алу үстінде. Индонезияның Ачех өлкесі 130 мыңнан астам халқы қырылып, кем дегенде 37 мың халқы хабар-ошарсыз кетіп, цунамидің соққысынан әсіресе ауыр зардап шекті. Суматра аралының маңындағы мұхит табанында болған жер сілкінісінен туған алып толқын – цунами мыңдаған шақырымға соғып, Мальдив аралдарын, Тайландты, Шри-Ланканы және Үндістанды бұрын-соңды болмаған зардапқа душар етті.
XS
SM
MD
LG