Accessibility links

Ирақтағы сүнниттер шийттер жеңіске жеткен сайлаудың қорытындысына қарсы


БАҒДАД. Өткен тәулікте Ирақта түрлі жарылыс пен шабуылдан кем дегенде жергілікті 5 тұрғын мен 1 АҚШ жауынгері қаза болды. “Әл-Қаида” ұйымының Ирақтағы тобы Интернет-парақшаларының бірінде АҚШ күштері мен Ирақ үкіметіне қызмет етіп келген 4 арабты ұрлап алып кетіп, өлтіргенін хабарлады. Кеше Ирақ президенті Жалал Талабани сүннит көсемдерін таяудағы парламент сайлауынан соң жасақталатын үкімет коалициясына қосылуға шақырды. Сүнниттер шийттердің бірлестігі жеңіске жеткен парламент сайлауының қорытындысын қайта қарауды талап етіп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG