Accessibility links

Әдебиеттегі көркем тілдің деңгейі қандай?

  • Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ

Көркем әдебиеттің негізгі құралы тіл болып табылатындығы белгілі. Соңғы уақыттары әдебиеттегі көркем тілдің құнарлығының жоғалып бара жатқандығы жиі сөз бола бастады. 26 желтоқсан күні Қазақстан Жазушылар Одағында әдебиеттегі көркем тілдің проблемасына байланысты конференция болып өтті. Конференция барысында қазіргі замандағы әдеби қазақ тілінің ахуалы талқыға салынды.

Қазақстан нарық заманына көшкеннен кейін, кейбір әдебиет зерттеушілері ендігі уақытта бұл салада тек өнерге шынайы берілгендердің ғана қалатындығы туралы сәуегейлік жасаған еді. Бірақ, керісінше, соңғы бес-алты жылдың ішінде ғана жазушылардың қатары екі есеге көбейіпті. Сарапшылардың айтуынша, жазушылыққа деген талаптың төмендеп кетуі , көркем әдебиеттің деңгейінің түсіп кетуіне өз әсерін тигізген. Жазушы Смағұл Елубайдың айтуынша, қазіргі қазақ тілінің жұтаңданып барады. Өз сөзінде жазушы Смағұл Елубай тілдің де өз кезегінде дамып отыруы керектігі туралы ойын білдірді.

Ақын Асқар Егеубай қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік деңгейі төмендеп кетті деген пікірмен келіспейді екен. Осы сөзіне дәлел ретінде ол қазіргі уақытта әдебиетке келіп жатқан жастардың ішінде тілге қатысты да жаңаша ізденістердің бар екендігін мысалға келтірді. Балалар жазушы Талғат Айтбайұлының айтуынша, дәл қазіргі уақытта мектептерде балаларды тіл үйретуге баулудың төмендеп кеткен. “Азаттық” радиосына берген сұхбатында ол таяуда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданындағы бір мектептке болған кезінде, балаларды әдебиетке баулитын екі-ақ оқу құралын кездестіргендігін әңгімелеп берді.

Қазақстан Жазушылар Одағының бірінші хатшысы Нұрлан Оразалин бүгінгі қазақ әдебиеті туралы өз ойын білдіре келіп, қазіргі әдебиеттің жаңаша қарқында дамып келе жатқандығына тоқталды. Аудармашы Нұрғазы Шәкеев бүгінгі қазақ аудармасының деңгейінің жоғары екендігін тілге тиек етті.
XS
SM
MD
LG