Accessibility links

Қазақстан прокуроры оппозицияның абақтыдағы мүшесі Ғалымжан Жақияновты мерзімінен бұрын азат ету жөніндегі сот шешіміне орай шағым түсірді


АЛМАТЫ. Павлодар облысындағы сот Жақияновты босату жөніндегі шешімді желтоқсанның 14-і күні қабылдаған болатын. Алайда Қазақстанның бас прокуратурасының хабарлауынша, желтоқсанның 21-інде түрме мәселелеріне қатысты болған арнайы прокурор Жақияновты абақтыдағы ережелерді бұзды деп айыптап, соттың шешіміне байланысты шағым түсірген. Жақиянов 2001 жылы Қазақстанның демократиялық таңдауы партиясын құрған болатын. Кейін ол Павлодар облысының әкімі кезінде билігін аса пайдаланды деп айыпталып, 7 жылға түрмеге жабылған-ды. Ал 2004 жылы үкімет аталған партияға тиым салған соң, Жақиянов оппозициялық “Әділетті Қазақстан үшін” коалициясына қосылған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG