Accessibility links

С.Петерборда және бүкіл Ресейде шетелдік азаматтарға қарсы шабуылдар үдеп барады


С.-ПЕТЕРБОР. Бүгін С.-Петербордағы “Смольный” ғимаратының алдында Камеруннан келген студент Канхем Леонның таяудағы қазасына байланысты шетелдік студенттердің наразылық шеруі өтеді. Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, наразылық шарасына Азия мен Африка елдерінен келген студент жастар, адам құқын қорғаушылар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады. Камерундық студентке сенбі күні қала жастарының бір тобы шабуыл жасап, пышақтап кетті. Дәл осы күні тағы бір африкалық студент - кениялық талапкерге шабуыл жасалып, жарақат алды. Соңғы айларда С.-Петерборда талай шетелдікке қарсы осындай шабуыл ұйымдастырылды. Қала әкімі В.Матвиенко: “нәсілшілдік – қоғамға терроризмге тең қатер болып төндіріп тұр” деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG