Accessibility links

С.Петерборда бақталас сауда фирмасының қастандығынан 80 тұтынушы уланды


С.-ПЕТЕРБОР. Кеше С.-Петербордың сауда дүкенінде ауаға шашылған газдан 80 адам уланып, олардың 15-і ауруханаға жатқызылды. Улы газ – арнайы сағаты мен жарылғышы бар ыдысқа – ампулаға құйылған көрінеді. “Максидома” деп аталатын сауда желісіне қарайтын тағы 2 дүкенде улауға жол берілмей, әлгі ыдыстар залалсыздандырылды. Құқық сақшыларының топшылауы бойынша, бұл қылмысты сауда фирмасының бақталастары ұйымдастырғанға ұқсайды. “Бұзақылық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG