Accessibility links

Кеше табиғат апатының 220 мыңнан астам құрбанын бүкіл әлем аза тұтты


ДЖАКАРТА. Кеше бүкіл дүние жүзі осыдан бір жыл бұрын Үнді мұхиты жағалауында болған табиғи апаттың құрбандарын аза тұтты. Мұхит табанындағы жер сілкінісінен туған алып толқын – цунамиден Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елі бұрын-соңды болмаған зардапты бастан кешті. Оңтүстік-Шығыс Азияның Индонезия, Тайланд, Үндістан, Шри-Ланка сынды 12 елінде 220 мыңнан астам халық қырылды. Кеше аза тұту рәсімдері өз азаматтары құрбан болған Швецияда, Германияда, Финляндияда және Норвегияда болып өтті.
XS
SM
MD
LG