Accessibility links

Ирақтағы шииттер қауымы мен курттер ұйымы коалициялық үкімет құруға келісіп отыр


Күрдтердің аймақтық жетекшісі Масуд Барзани көпшілік жұрт қолдайтын үкімет құру қажет дейді. Ол бұл жөнінде шииттердің біріккен альянсы жетекшісі, әл-Хакимимен Арбил қаласында кездескеннен соң айтты. Әл-Хакими соңғы жылда күрдтермен келісе отырып, өтпелі үкіметті басқарған болатын. Бұл арада Бағдадта сүнниттер мен зайырлы шиит саясаткерлерін қолдайтын мыңдаған адам сайлаудағы келеңсіздіктерге байланысты наразылықтарын білдіріп жатты. Олар бірқатар негізгі уалаяттарда қайтадан сайлау өткізуді талап етеді. Сейсенбі күнгі қақтығыстарда Ирақта кемінде 11 адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG