Accessibility links

Кеше Бағдадтағы бір түрмеде болған атысу кезінде кемінде 4 тұтқын мен 4 күзетші оққа ұшты


Бір топ тұтқын күш қолданып абақтыдан қашып шықпақ болған. Бұл арада БҰҰ-ның Ирақтағы кеңесшісі желтоқсаның 15-інде болған парламенттік сайлауды қайта өткізу жөніндегі талаптар орынсыз деді.

- БҰҰ ол сайлау таза өтті деп есептейді. Сайлаушы белсенділігі жоғары болды. Барлық тайпа қатысқан дауыс беру тыныш өтті, - деді Грейг Женнис.

Соңғы күндері сунниттер мен зайырлы шиит саясаткерлерін қолдаған он мыңдаған қауым, сайлау кезінде заңсыздық болды деп, жаңа сайлау өткізу керек деген талап қойды. Ирақта өткен парламенттік сайлаудың ресми нәтижесі Жаңа жыл басында жарияланбақ.
XS
SM
MD
LG