Accessibility links

Ресей мен Украина арасындағы газ бағасы дауы әзірге шешілген жоқ


Украина энергетика министрі Иван Плачков сәрсенбі күні кешке Ресейлік әріптесі Виктор Христенкомен Мәскеуде кездесті. Бірақ ол келіссөзден бірер нәтиже болмады. Ресейлік Газпром компаниясы қаңтардың 1-інен Украинаға берілетін газ бағасын бірден сәл кем 5 есеге дейін көбейтіп, 1 мың шаршы метр газды 230 долларға сатпақ. Кешегі келіссөздер алдында Газпром директорлар кеңесінің жетекшісі Борис Федоров журналистерге:

- Ресей артық ештеме сұрамайды. Газпром біреудің еншісіне қол салмақ емес. Бірақ, бірер өнімді сатпақшы болсаңыз, оған үштен бір бағасын беретін американдық немесе германиялық бір фирманы тауып беріңізші? Ондай жоқ. Әлемде ондайға баратын ешқандай ел жоқ, Ресей де солай етеді, - деді.

Украина президенті кеңсесінен хабарланғанындай, Украина соңғы сәтте бұл дауды шешу үшін АҚШ пен Британиядан көмек сұрауы мүмкін екен. Себебі, 1994-жылғы Будапешт шартына орай, егер Украина ядролық қарудан бас тартса, онда АҚШ, Британия және Ресей Украина қауіпсіздігіне кепілдік беретін болып келіскен еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG