Accessibility links

Бүгін Украинаның энергетика министрі Иван Плачков газ мәселесін талқылау үшін Мәскеуге келді


МӘСКЕУ. Кешірек ол Ресейдің ресми өкілдерімен кездеседі. Қаңтардың бірінен бастап, Ресей Украинаға беретін газының бағасын бірнеше есеге көбейтіп, әлемдік нархына жеткізбекші. Ал Украина болса, Ресей газ бағасын бірте-бірте көтеруі керек, дейді. Кеше Ресей президенті Владимир Путин бұл мәселені Украина президенті Виктор Ющенкомен телефон арқылы талқылаған болатын.
XS
SM
MD
LG