Accessibility links

В.Ющенко: “Ресей газ беруін доғарса да, Украина халқы жылусыз қалмайды!”


МӘСКЕУ. Бүгін Ресей президенті В.Путин газдың бағасына байланысты Украинамен арадағы жанжалды “нағыз дағдарысқа” айналды деп бағалады. Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, бұл пікірін В.Путин бүгін Мәскеуде келіссөз жүргізіп жатқан екі елдің өкілдеріне бағыттады. Ресей президенті, сондай-ақ, газдың бағасын 4 есеге өсіруге байланысты Украинаға 3.6 млрд. доллар көлемінде несие беруді ұсынды. Ресей Украинаға сатылатын 1 мың текше метр газдың бағасын 1-інші қаңтардан бастап қазіргі 50 доллардан шамамен 220 доллаға көтеруді жоспарлап отыр. Киев оған келіседі, бірақ бағаны біртіндеп көтеруді талап етеді. Бүгін украин президенті В.Ющенко өз халқына қыста жылусыз қалмайды деп уәде берді. Екі жақ келісімге келмейтін болса, жексенбі күні Ресей газ беруін доғарады.
XS
SM
MD
LG