Accessibility links

Ресейдің экс-министрі АҚШ-қа емес, Ресейге тапсырылатын болады


БЕРН. Швейцарияның федералдық соты өзінің абақтысында отырған Ресейдің бұрынғы атом энергетикасы министрі Евгений Адамовты Мәскеуге беру туралы үкім шығарды. Демек сот экс-министрді АҚШ-қа тапсыру туралы 3-інші қазанда қабылдаған бастапқы қаулысын бұзу жөніндегі Е.Адамдовтың адвокаттарының аппеляциялық шағымын қанағаттандырды. Е.Адамов – АҚШ жағының сұрауы бойынша Швейцарияда 2-нші мамыр күні қамауға алынған болатын. АҚШ үкіметі оны атом электр стансаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өзі бөлген 9 млн. долларды жымқырды деп айыптады. Ресейдің сыртқы істер министрлігі сот үкімін қуанышпен қабылдады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG